Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 13 адам құрбан болды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласында сенбі күні жарылыс орын алды. Полиция өкілі Абдул Гафурдың айтуынша, бұл жарылыстан 7 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

Оның алдында Банну аймағындағы полиция бекеті жанында бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 6 адамды өлтірді. Бұл шабуылдан сондай-ақ 30-ға адам жараланды. Ауғанстанмен арадағы шекараға жақын орналасқан бұл аймақты Талибан бүлікшілері паналайды.
XS
SM
MD
LG