Accessibility links

Обама Иранға ескерту жасады


АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты мәселелерді айқындамаса, әлемнің алпауыт елдерімен теке-тіреске тап болады. Бұл туралы Обама "үлкен жиырмалық" тобының саммитінде мәлімдеді. Оның алдында Иранның уран байытатын жаңа зауыты бар деген ақпарат шыққан болатын.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад бұл зауыт БҰҰ-ның ережелеріне сай салынуда деп атап көрсетті.

Обаманың айтуынша, егер келесі аптада Иранмен арадағы келіссөздерден нәтиже шықпаса, Теһранға қосымша санкциялар енгізілуі мүмкін.

Ресей президенті Дмитрий Медведев егер Иран қазанның 1-де Женевада өтетін кездесуде ынтымақтастық танытпаса, Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені шешу үшін "басқа әдістер" қолданылады деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG