Accessibility links

Обама: Американдықтардың ауған соғысынан шаршағанын түсінемін


АҚШ президенті Барак Обама американдықтардың Ауғанстандағы соғыстан шаршағандықтарын түсінетінін айтты. Бұл елдегі АҚШ стратегиясының дұрыс-бұрыстығын зерттеп жатырмын деді Обама Питсбургтегі "үлкен жиырмалық" саммитінде.

Бұдан бұрын Ауғанстандағы АҚШ күштерінің бас қолбасшысы қосымша әскер жіберілуін сұраған болатын. Осы мәселеге байланысты АҚШ президенті ешнәрсе айтпады. Алайда басты мақсат Әл-Қаиданы жеңу деп атап көрсетті Обама.
XS
SM
MD
LG