Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдан министр аман қалды


Ауғанстанның батысындағы Херат қаласында орын алған жарылыстан 4 адам қаза тауып, кемінде 16 адам жарақат алды. Жексенбі күні шабуыл энергетика министрі Исмаил Ханға бағытталған көрінеді. Полиция баспасөз хатшысының хабарлауынша, әуежайға баратын негізгі көшеде болған жарылыстан министр мен оның делегациясы аман қалған.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр. Талибан баспасөз хатшысының айтуынша, шабуылда министр Хан нысанаға алынған. Хан бұдан бұрын Херат өлкесінің ықпалды әкімі болған.
XS
SM
MD
LG