Accessibility links

«Әл-Қаиданың» екінші көсемі мәлімдеме жасады


Терроршыл «Әл-Қаида» ұйымы бас қолбасшысының орынбасары Айман Әз-Зауахри Талибан қозғалысының Пәкістандағы қаза болған көсемі Байтулла Мехсудты мадақтайтын жаңа мәлімдеме жасады.
Дүйсенбі күні АҚШ-та орналасқан Intel Center бақылаушы тобы хабарлағандай, Әз-Зауахри 28 минуттық бейнесюжетте сөйледі.
Байтулла Мехсуд – Пәкістанның Оңтүстік Вазиристан өлкесінде 5 тамыз күні АҚШ-тың зымырандық соққысынан мерт болды.
Айман Әз-Зауахри 1 аптаға жетпейтін уақыт ішінде екінші рет сөйлеп отыр. Ол Ауғанстан мен Пәкістан шакарасындағы таулы аумақта жасырынып жүргенге ұқсайды.
XS
SM
MD
LG