Accessibility links

Роман Полански АҚШ-қа экстрадициялану мүмкіндігін сотта қарамақ


АҚШ-тың сұрауы бойынша Швейцарияда ұсталған белгілі кинорежиссер Роман Полански өзінің Цюрихтен Калифорнияға экстрадициялану мүмкіндігін сотта қарауға ниет білдірді.

Режиссердің адвокаты Эрве Темимнің мәлімдеуінше, қорғаушы жақ американдық сұраудың заңсыздығын дәлелдеп, 76 жастағы Поланскиді тұтқыннан босатуды талап етпек.

Полански – Польшада туылған Франция азаматы – сенбі күні Цюрихте ұсталды, жергілікті кинофестиваль оған сыйлық тапсыруы тиіс болатын.

АҚШ 13 жасар қызбен жыныстық қатынаста болған деген айыппен Поланскиге 1978 жылы іздеу жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG