Accessibility links

НАТО-ның бас хатшысы Вашингтонда сөз сөйледі


НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен егер АҚШ және оның одақтастары Ауғанстанда соғыста жеңіске жеткісі келсе, онда көптеген нәрселерді өзгертуі тиіс деп мәлімдеді.

Осы қызметке кіріскелі бері Вашингтонда бірінші мәрте сөз сөйлеген Расмуссен егер олар басшылықты өз қолдарына алғысы келсе, онда ауған әскерін дайындауға үлкен күш жұмылдыру қажеттігін атап көрсетті. Сонымен бірге НАТО-ның бас хатшысы Ауғанстандағы экстремистермен күресу үшін бұдан да көп американ әскерін жолдау қажеттігімен келісетіндігін білдірді.

АҚШ президенті Барак Обама жақын уақытта, НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Стэнли МакКристалдың сұрауы бойынша, бұл елге қосымша күш жіберу жөнінде шешім қабылдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG