Accessibility links

Малайзия «Бруно» фильмін көрсетуге тыйым салды


Малайзия билігі британдық сайқымазақ Саша Барон Коэннің «Бруно» фильмін ел аумағында көрсетуге тыйым салды.

Мемлекеттік комиссия фильмде "әдепсіз қылықтар көп, оның үстіне ол гомосексуалдық тақырыпқа арналған" деп шешті. Малайзияда гомосексуалдық қатынастарға рұқсат етілмейді.

Бұған дейін «Бруно» «қоғамдық әдепті қорлайды» деп шешкен Украина бұл фильмнің көрсетілімін тоқтатқан болатын.
XS
SM
MD
LG