Accessibility links

ЕО: Иранның зымыран сынақтары алдағы келіссөздерге кедергі бола қоймас


Еуропа Одағының төрағалығындағы Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт өткен демалыстарда Иранның зымыран сынақтарын жасауы алдағы ядролық келіссөздерге салдарын тигізбейтін болар деді.

Батыс елдері Израиль мен Шығанақ аймағындағы АҚШ базаларына жететіндей ұзақ қашықтықтағы зымыран сынақтарын жүргізгенін қатты сынаған.

Иранның Атом энергиясы жөніндегі агентігінің басшысы Али Акбар Салехи БҰҰ-ның агенттігі МАГАТЭ-ге алдағы уақытта уран бақыту кеніштерін тексеруге кесте беріледі деді.
XS
SM
MD
LG