Accessibility links

БҰҰ кеңесінде Газаға қатысты есеп талқыланады


Бүгін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі өткен жылы Газа аймағындағы қақтығыс кезінде орын алған соғыс қылмыстары бойынша БҰҰ сарапшыларының баяндамасын талқылайды.

Оңтүстік-африкалық судья Ричард Голдстоун жетекшілік еткен тәуелсіз тергеу қортындысы Израиль мен Газаға бақылауды алып отырған Хамас жауынгерлерін соғыс қылмыстарына жауапты деп айыптайды.

Израиль мен Хамас тобы да баяндамада айтылған ол айыптауларды теріске шығарды.

Израиль желтоқсан айында Газадан берілген зымыран шабуылдарына жауап ретінде Газада әскери операциялар жүргізген. Бұл қақтығыс барысында көбісі бейбіт тұрғын шамамен 1400 палестиндік қаза тапты. Израил жағынан 3 бейбіт тұрғын мен 10 әскер мерт болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG