Accessibility links

АҚШ Обама өлуі тиіс пе деген сауналнамаға қатысты тергеу жүргізуде


Ресмилердің айтуынша, Құрама Штаттардың құпия қызметі әлеуметтік интернет желілерінің бірі Facebook сайтында, президент Барак Обама өлуі керек пе деген сауалнаманың қойылғанын тергеп жатыр.

Сенбі күні ілінген сауалнаманы үшінші тарап жасаған, Facebook ресмилері сауалнама туралы біле салысымен оны бірден алып тастаған.

Онда Обама өлтірілуі керек пе деген сауалға: жоқ, мүмкін, ия және ия егер денсаулық сақтауға көмегін азайтса деген төрт жауап ұсынылған.

Бұл сауалнама АҚШ президентінің өміріне қатысты қылмыс қаупін төндіріп отырғанына байланысты тергеу жүріп жатыр. Оған Facebook-тағы ол сауалнаманы алғанша оны қолданушы 730 адам дауыс беріп үлгерген.
XS
SM
MD
LG