Accessibility links

Ресей мен Беларус әскери жаттығулар өткізді


Ресей мен Беларус НАТО-ға мүше елдердің шекарасына жақын базаларында екі күн бойы кеңкөлемді бірлескен әскери жаттығулар өткізді.

Ресейдің ақпарат агенттіктері хабарлап жатқандай, жаттығу шараларына екі елден 12,500 әскер, әуеұшақтары, әскери техникалар мен басқа да ауыр қару-жарақтар тартылды.

Әскери жаттығулар НАТО-ға мүше елдер Польша мен Литваның шекарасына жақын орналасқан Ресейдің Калининград аймағында өтті.

Бұл шараға беларустік әріптесі Александр Лукашенкомен бірге қатысқан Ресей президенті Дмитрий Медведев осы аптадағы жаттығу шаралары қырағы қорғаныс ұстанымы болды деген.
XS
SM
MD
LG