Accessibility links

Ресей АҚШ-тың жаңа зымыран жоспарынан кепілдік күтеді


Ресейдің НАТО-дағы өкілі Құрама Штаттардың зымыраннан қорғаныс жоспары Мәскеуге қауіп төндірмейтініне Вашингтон кепілдік беруі керек деді.

Дмитрий Рогозиннің айтуынша, АҚШ-тың алдағы әскери кемелердегі зымыран жүйесі Ресейдің алаңдаушылығына себеп болуы мүмкін.
Бұл жайында сейсенбі күні мәлімдеген Рогозин Ресей АҚШ-тың жүйесі тек қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарды есептеуге арналғанына кепілдік бергенін қалайды деді.

Осы айдың басында АҚШ президенті Барак Обама елдің Польша мен Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартқандарын мәлімдеген. Оның орнына теңізде немесе құрлықта зымыран жүйесі бар қалқан орнатылуы мүмкін деген еді АҚШ президенті.
XS
SM
MD
LG