Accessibility links

Байқоңырдан жетінші ғарыш туристі ұшады


Бүгін астана уақыты бойынша сағат 13.14-те Байқоңыр ғарыш алаңынан "Союз ФГ" зымыран тасығышы "Союз ТМА-16" ғарыш кемесін алып ұшады.

Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипаж құрамында американдық Джеффи Уильямс, ресейлік Максим Сураев және жетінші ғарыш туристі Ги Лалиберт бар.

Канадалық миллиардер, "Cirque du Soleil" циркінің қожайыны Ги Лалиберт екі аптадаға созылатын ғарышқа сапары үшін 35 миллион доллар төледі. Кәсіби экспедицияның мүшелері Халықаралық ғарыш станцисында жарты жыл болады.
XS
SM
MD
LG