Accessibility links

Обама Самоадағы «жойқын апат» туралы хабарлады


АҚШ президенті Барак Обама Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі Американдық Самоада орын алған «жойқын апат» туралы хабарлады. Аймақта сейсенбі күнгі цунамидің салдарынан 40-қа жуық адам қаза болды. Хабарларға қарағанда, бірнеше ауылды алып толқындар шайып кеткен.

Обаманың төтенше декларациясына сәйкес АҚШ-тың федералдық күштері апаттың салдарын жою, аймақта зардап шеккендерді құтқару жұмыстарымен айналысады.
XS
SM
MD
LG