Accessibility links

Қазақстандық БАҚ өкілдері арнайы қызмет тарапынан қысым көргендерін мәлімдеді


Сәрсенбі күні «Взгляд» газеті мен «стан.kz» интернет-порталының редакторлары арнайы қызмет журналистерді өздерінің мүддесіне жұмыс істеу үшін үгіт жүргізгендігін мәлімдеді.

«Стан.kz» журналисі Наталья Панова арнайы қызмет өкілдері оған «құпия қызметкер» ретінде жұмыс істеп, өзінің әріптестері туралы ақпарат жеткізіп отыруға үгіттегендігін, бұл ұсыныстан бас тартуына байланысты оны күшпен қорқытуға талпынғандығын жеткізді.

«Взгляд» газетінің редакторы Екатерина Беляева өзі тұратын үйдің маңында белгісіз біреулер үнемі аңду жүргізіп келгендігін, сондай-ақ өткен демалыс күндері өзін жергілікті полицеймін деп таныстырған штаттық киімдегі бір кісі оынмен сөйлесуге тырысқандығын мәлімдеді. Беляеваның айтуынша, журналист Арбатта саяси екіжүзділікке қарсы акция өткізгелі бері осындай әрекеттерді жиі кезіктіре бастаған.

Осыған орай «Взгляд» және «Стан.kz» журналистері елдегі саяси күштер мен азаматтық қоғамды тәуелсіз баспасөзді қорғауға, ЕҚЫҰ мүше елдердің дипломатиялық миссиясын өздерінің мемлекеттерінің басшыларына Қазақстанда БАҚ жұмысшыларына қысым көрсету науқаны жүріп жатқандығын хабарлауға шақырды.
XS
SM
MD
LG