Accessibility links

Байқоңырдан жетінші ғарыш туристі ұшырылды


"Союз ФГ" зымыран тасығышы бүгін түсте Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз ТМА-16" ғарыш кемесін алып ұшты. Ғарыш кемесі 2 қыркүйек күні астана уақыты бойынша сағат 14.35-те Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі деп жоспарланған.

Экипаж құрамында американдық Джеффи Уильямс, ресейлік Максим Сураев және жетінші ғарыш туристі Ги Лалиберт бар.

Канадалық миллиардер, "Cirque du Soleil" циркінің қожайыны ғарышқа сапары үшін 35 миллион доллар төледі. Кәсіби экспедицияның мүшелері Халықаралық ғарыш станциясында жарты жыл болады.
XS
SM
MD
LG