Қытай мемлекеттік қоры Қазақстанның "ҚазМұнайГаз Эксплорейшн" компаниясы акцияларының 11 пайызын сатып алды деп хабарлайды Итар-ТАСС агенттігі.
Сәрсенбі күні Лондондағы құнды қағаздар биржасында "Чайна Инвестмент Корпорейшн" қоры қазақстандық компанияның акцияларын 939 миллион АҚШ долларына сатып алды деп жарияланды. Бұл хабардан кейін "ҚазМұнайГаз Эксплорейшн" акцияларының бағасы күрт жоғарылады.
Лондондағы сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның энергетика саласында Қытай капиталының ұлғаюы Бейжіңнің әлемнің әрбір аймағындағы ресурстарға қол жеткізу саясатын білдіреді.