Accessibility links

Қазақстандық үш банк "қауіпті аймақ" тобына кірді


Қазақстандағы «Данабанк», «Казинкомбанк» және «Метрокомбанк» жабылу қаупі төнген аймақтан орын алды деп хабарлады Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі.

Агенттік төрағасы Елена Бахмутованың айтуынша, банктің жеке капиталын көтеру туралы өткен жылы жылы қабылданған ереже бүгіннен бастап күшіне енді. Ол бойынша банктің жеке капиталының абсолюттік мөлшері 5 млрд теңгеден кем болмауы тиіс. Аймақтарда жұмыс істейтін банктер үшін бұл көрсеткіш 2 млрд теңге деп анықталған. Осы ережені орындамаған банктер қауіп аймағындағы топқа жатқызылады.

Бахмутованың айтуынша, үш банк декапитализация жөніндегі тиісті шараларды қабылдаған. Тағы үш банк аймақтық болып қайта құрылады. "Данабанк", "Казинкомбанк" және "Метрокомбанк" стратегиялық инвестор іздестіріп жатыр.
XS
SM
MD
LG