Accessibility links

Индонезияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны көбейді


Индонезияның Суматра аралында сәрсенбі күні тіркелген жер сілкінісінен 470-ке жуық адам қаза болды деп хабарлады үкімет өкілі.

Жер асты дүмпуінің ошағы аралдың 900 мың тұрғыны бар Паданг қаласына жақын маңда тіркелген, магнитудасы 8-ге жуық, жер сілкінісінен кем дегенде 500 ғимарат құлаған, мыңдаған адам қирандының астында қалған. Мыңдаған қала тұрғыны үйлеріне оралудан қорқып отыр.

Бейсенбі күні Индонезияда магнитудасы 6,8 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Оның келтірген залалы туралы әзірге ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG