Accessibility links

Қызметінен алынған БҰҰ-дағы Ауған өкілі ұйымның беделіне алаңдайды


БҰҰ-да қызмет еткен Ауған елшісі бұл елдегі президенттік сайлауға қатысты пікірінен кейін орнынан алынуы ұйымның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деді.

БҰҰ-дағы Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болған АҚШ дипломаты Питер Гэлбрейттің айтуынша, Ауғанстандағы тамыздың 20-дағы президенттік сайлауды қалай бұрмалаусыз өткізуге болады деген талқылауда айтылған өзінің пікіріне байланысты қызметінен алынып отыр.

Ассошейтед пресс агенттігіне берген сұхбатында Гэлбрейт БҰҰ-ның қолдауымен өткен сайлауға қатысты алаңдаушылық үшін БҰҰ-ы ресмиінің қызметінен алынуы өзін таңқалдырғанын айтты.
XS
SM
MD
LG