Accessibility links

Құмкөлде газ шығаратын зауыт іске қосылды


Қазақстанның Қызылорда облысындағы Құмкөл кенішінде мұнайға ілеспелі газды өңдеуге арналған зауыт іске қосылды.

Құны 92 млн долларлық кешен жылына 150 млн текме метр мұнайға ілеспелі газды өңдеп, 105 млн текше метр тауарлық құрғақ газ және 68 мың тонна сұйытылған газ шығарады. Құрғақ газ өндіріс қажетіне жұмсалса, сұйық газ ішкі рынок пен экспортқа шығарылады.

1995 жылы игеріле бастаған Құмкөл мұнай кенішінде былтыр 3,2 млн тонна мұнай өндірілді. Кеніштің мұнай қоры 20 млн тоннадан асады деп болжанды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG