Accessibility links

Мәскеудегі әуежайларда арақ ішуге болмайды


Ресейдің ақпарат құралдары жазып жатқандай, ел прокуратурасы Мәскеудегі әуежайлардағы мейрамхана мен барларда алкогольді ішімдік сатпауға бұйрық берді.

Ресмилер қыркүйек айының басынан бері әуежайдағы ресторандар мен кафелерге тексеру жүргізген. Осыдан кейін ресмилер адамға қауіп төндіреді деген алаңдаушылықпен күштілігі 15 проценттен жоғары спирттік ішімдіктерді сатуға болмайды деген ұйғарымға келді.

Тым көп ішімдік ішкен жолаушылар Ресейдің шетелге шығатын ұшақтары ішінде проблема тудырған.
XS
SM
MD
LG