Accessibility links

«Үлкен жетілік» Ресейсіз Түркияда кездесті


Әлемнің ең дамыған 7 елінің қаржы министрлері мен ұлттық банктерінің басшылары Стамбулд бас қосты. Олар ғаламдық қаржы дағдарысынан шығудың жолдарын талқылау үстінде.
Оның қарсаңында Халықаралық валюта қоры ғаламдық қаржы және экономика дағдарысының теріс ықпалы келесі жылдан кейін де жақсы сезіледі деген жорамалан жариялады. Оған сәйкес, Еуропаның бай елдері биылғы шамамен 4 пайыздық құлдыраудан кейін 2010 жылы 0.5 пайызға өседі. Дағдарыс әлдеқайда ауыр батқан Орталық және Шығыс Еуропаның экономикалары биыл 6.6 пайызға құлдыраса да, келесі жылы 1.7 пайызға өседі.
Валюта қорының ескертуінше, дағдарыс экономикалық дамудың қарқынын алдағы әлі талай құрсап ұстайды. Демек, еуро валютасының аумағында жұмыссыздық 2011 жылға дейін 12 пайыз деңгейінде болады.
XS
SM
MD
LG