Accessibility links

Таулы Қарабах: Баку мен Ереван уәжге келуі мүмкін


Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиев Таулы Қарабах проблемасы бойынша Армениямен арадағы келіссөз шешуші белеске жетті деп мәлімдеді.
Нахичевань қаласында сөйлеген сөзінде Ильһам Әлиев келіссөздің оң қарқында жалғасқанын хабарлады. Армения мен Әзірбайжан президенттері Серж Саркисян мен Ильһам Әлиевтің Молдовадағы кездесуі кезінде Франция мен Ресей және АҚШ-тан қатысқан дәнекерлер Таулы Қарабах түйіні бойынша келіссөздің оң нәтиже беретініне үміттенетіндерін мәлімдесті.
XS
SM
MD
LG