Лас-Вегаста болып өткен аукционда «Рекс» деп аталатын тиранозаврдың тасқа айналған сүйек қалдықтары сатылмай қалды. Тиранозаврдың тас сүйегі 1992 жылы Американың Оңтүстік Дакота штатынан табылды.
Аукционды ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, Рекске берілген ең көп сома – 3.6 миллион доллар – одан 12 жыл бұрын дәл сондай тиранозаврға төленген ақшадан 2.5 есе аз көрінеді. Аукцион иелері сауданың сәтсіз өтуіне ғаламдық дағдарыс себеп болды деп отыр.