Accessibility links

Индонезия: құрбандарының саны 1.300-ден асуы мүмкін


Жексенбі күні Индонезияның Суматра аралының батысында қуатты жер сілкінісінен толық қираған бірнеше ауылдың тұрғындарын іздеу жалғасты. Биліктің мәліметі бойынша, құтқарушылар енді ғана жеткен осы мекендерде 650-ге жуық тұрғыны болған. Егер олардың қазасы расталса, аралдағы қаза тапқандардың саны 1.300-ден асады.
Осыған дейін құтқару шараларының дені Батыс Суматра аралының әкімшілік орталығы – талай ғимараты қираған Паданг қаласына жұмылдырылды.
Индонезияға әлемнің барлық түкпірінен, оның ішінде АҚШ, Ресей, Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдерден құтқарушылар мен дәрігерлер, азық-түлік пен көшпелі емханалар және өзге де көмек келіп жатыр.
Қуаты 7.5 балдан асатын зілзала өткен сәрсенбі күні болды.
XS
SM
MD
LG