Accessibility links

Швецияда Нобель апталығы ашылады


Бүгін Швецияда Нобель апталығы басталады. Бір апта бойы мәртебелі сыйлықтың ғылым, мәдениет және қоғамдық қайраткерліктегі лауреаттары анықталады.

Дүйсенбі күні - медицина, сейсенбі – физика, сәрсенбі – химия, бейсенбі - әдебиет саласы бойынша лауреаттардың есімдері жарияланады.

Жұма күні Нобельдің бейбітшілік сыйлығының иегерлері, ал келесі дүйсенбі күні – экономика саласы бойынша лауреаттар анықталады.
XS
SM
MD
LG