Ресей астанасы Мәскеуде жексенбі күні 1993 жылы қазандағы әскери қақтығыстардан қаза болғандарды еске алуға арналған шеру болып өтті.
Осыдан 16 жыл бұрын билік басындағы Борис Ельцин парламент үйіне бекінгендерді күшпен алуға бұйрық беріп, сол қарулы қақтығыстардан кемінде 123 адам қаза болған еді. Ресми емес мәліметтер қанды оқиға құрбандарының одан да көп екендігін көрсетеді.
Билік басындағы ашық теке-тірес Борис Ельциннің парламентті тарату туралы үкімі шыққаннан кейін басталған болатын.