Accessibility links

Ахмадинежад: Ядролық жұмыстарға қатысты белгісіздік жоқ


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад өз елінің ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігімен ынтымақтастығы белгісіздікте қалмайды деді.

Иран жетекшісінің бұл сөзі МАГАТЭ басшысы БҰҰ-ның инспекторлары қазанның 25-де Иранның таяуда анықталған уран байыту зауытына баратын болады деп жариялаған соң айтылып отыр.

Мухаммад ел-Барадей Теһран мен Батыс арасындағы ынтымақтастық алға жылжи бастағанын қоштап сөйледі. Ол бұл жайында Теһранда Иранның ядролық мәмілегері Али Акбар Салехимен келіссөздерден кейін мәлімдеді.

Батыс елдері исламдық ел құпия түрде ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді. Иран оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG