Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Пәкістан шабуылын айыптады


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның азық-түлік агентігінің Пәкістандағы кеңсесіне жасалған жанкештілік шабуылды айыптап, кемінде 4 адамның өмірін әкеткен жарылысты сұмдық қылмыс деп атады.

Қаза тапқандардың үшеуі Исламабадтағы БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағларламасының қызметкерлері. Полиция қайтыс болғандардың біреуі ирақтық және жараланған екі адамның жағдайы ауыр деді.

БҰҰ бұл шабуылға байланысты Пәкістандағы кеңселерін жауып тастады. Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани үкіметі бұл жарылысты айыптап, оны жасаушыларды анықтауды тапсырды.

Бұл шабуылға жауаркершілікті ешкім алмады.
XS
SM
MD
LG