Accessibility links

Ақордада Назарбаев пен Саркозидің келіссөздері басталды


Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенті Николя Саркозидің келіссөздері басталды.

Мемлекет басшыларының келіссөздері нәтижесінде мұнай-газ, ғарыштық технология және қорғаныс саласындағы бірқатар келісімдер, сондай-ақ Қазақстан аумағын француз қарулы күштерінің Ауғанстан бағытындағы транзиттік нысан ретінде пайдалану туралы құжат қабылданады деп жоспарланған.

Франция президенті Николя Саркози Қазақстанға сейсенбі күні таңертең келді. Президентті Астана әуежайында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов және Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алды.

Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Франция президентінің Астанаға сапары қарсаңында Саркозиді Қазақстанда адам құқығының сақталуына оң ықпал етуге шағырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG