Accessibility links

АҚШ Пхеньянмен екі жақты келіссөздер жүргізуге дайын


АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Иан Келли Вашингтон КХДР-мен оның ядролық қарудан бас тартуы жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізуге дайын екендігін растады.

Келли АҚШ Пхеньянды толықтай денуклеаризация жолына салуға үгіттеуге тырысатындығын атап көрсетті.

Солтүстік Кореяның көсемі Ким Чен Ир бұған дейін ядролық қарусыздану жөнінде алты жақты келіссөздер өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын. Қытай премьер-министрі Вянь Цзябаомен кездесуінде ол КХДР-ның әрекеті АҚШ-пен арадағы екі жақты келіссөздердің «прогрессіне» байланысты болатындығын айтқан.

Пхеньянның ядролық бағдарламасы жөніндегі алты жақты келіссөздерге АҚШ, ҚХР, Ресей, Жапония және Оңтүстік Корея қатысады.
XS
SM
MD
LG