Accessibility links

Армения және Әзірбайжан президенттері Қарабах мәселесін талқылайды


Армения және Әзірбайжан президенттері Таулы Қарабах проблемасына қатысты келіссөздері барысындағы кезекті кездесуін 8 қазанда Кишиневте өтетін ТМД саммиті аясында өткізеді.

ЕҚЫҰ-ның Таулы Қарабах жанжалын реттеу жөніндегі Минск тобының ресейлік тең төрағасы Юрий Мерзляковтың хабарлауынша, Әзірбайжан басшылығымен кеңесу барысында осындай келісім жасалған.

Ильхам Әлиев пен Серж Саргсян соңғы мәрте осы жылы шілдеде Мәскеуде кездескен болатын.

1990 жылдың басында Таулы Қарабахтағы қарулы қақтығыстың салдарынан ондаған мың адам қаза болып, жараланып, босып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG