Accessibility links

ХВҚ, Дүниежүзілік банк жылдық кездесуін өткізуде


Халықаралық Валюта қоры мен Дүниежүзілік банк Стамбулда өздерінің жылдық жиындарын өткізуде.

Сәрсенбіге дейін жалғасатын бұл кездесуге мүше елдердің қаржы министрлері, орталық банк басшылары мен академиктері бар 13 мыңдай адам қатысуда.

Бұл кездесу өнеркәсібі дамыған “Үлкен-20” тобының жетекшілері өткен айда Халықаралық қаржы қорына әлемдегі экономикалық тұрақтылықты бағамдап, проблемалы аймаққа көмектесу жөнінде тапсырма берген соң өтіп отыр.

Халықаралық валюта қорының бұл Стамбулдағы жиынына наразылық танытушылар шеру өткізеді деп күтіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
XS
SM
MD
LG