Accessibility links

Француз компаниялары Қазақстанмен газ келісімдерін жасады


Францияның мемлекеттік энергетикалық ірі компаниялары Total мен Gas de France Қазақстанның Каспий теңізіндегі Хвалинское газ кенішін дамыту бойынша "ҚазМұнайгаз" компаниясымен келісім жасады. Бұл туралы AFP ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

Құны 1 млд еуро болатын келісімге Франция президенті Николя Саркозидің Қазақстанға сапары барысында қол қойылды.

Саркозидің сапары кезінде тағы бір меморандумға қол қойылды. Ол құжат Қашаған мұнай кеніші үшін салынатын мұнай құбыры құрылысына Францияның консорциум компанияларының қатысуына жол береді.

Франция президентінің Астанадағы сапары барысында сонымен қатар қорғаныс саласындағы келісімдер жасалды. Ол келісім бойынша француз әскерінің Ауғанстанға Орталық Азия елі арқылы әскери және жеке жабдықтарын тасымалдауға жол беріледі.

Президент Николя Саркозимен қатар Астанада сыртқы істер министрі Бернард Кушнер, сауда және мәдениет министрлері бірге жүр.
XS
SM
MD
LG