Accessibility links

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарады дегенді теріске шығарды


АҚШ ресмилері Ауғанстаннан американдық күштерді шығару мәселесі қаралып жатыр дегенді жоққа шығарды.

Дүйсенбі күні CNN телеарнасына берген сұхбаттарында қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс пен мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон екеуі де АҚШ-тың Ауғанстандағы мақсаттары Әл-Қаида террорлық жүйесін құрту тұрғысында бұрынғыдай қала береді, бұл елден шығу жоспары жоқ деді.

Гейтс пен Клинтон ханымның айтуларына қарағанда, президент Барак Обама Ауғанстанға онмыңдаған американдық әскер жіберу керек пе, жоқ па деген мәселені қарастырып отыр.

Құрама Штаттардың Ауғанстанда 60 мыңнан аса жасағы бар. Обама сейсенбі күні Ауғанстандағы жағдайды Конгресс мүшелерімен талқыламақшы.
XS
SM
MD
LG