Accessibility links

Швейцария Поланскиді кепіл ақшаға босатпады


Швейцарияның Әділет министрлігі Құрама Штаттарға экстрадицяланады деп қамауда отырған режиссер Роман Поланскидің кепіл ақшаға босату ұсынысын қабылдамады.

Министрлік өкілінің айтуынша, егер Полански бостандыққа шығарылса, қашып кету қаупі бар. 76 жасар кинорежиссерді босатуды сұрап өткен аптада оның қолдаушылары да өтініш берген.

Полански қыркүйектің 26-да Цюрихтегі кинофестивалге қатысуға барғанында ұсталған.

АҚШ билігі Полански 1977 жылы 13 жасар қызға зорлық жасаған деген айыппен оған іздеу жариялаған.
XS
SM
MD
LG