Accessibility links

Бүгін Политковскаяның өліміне үш жыл толды


Бүгін ресейлік журналист Анна Политковскаяның өліміне үш толды. Сәрсенбі күні Ресейдің бірқатар қалаларында журналисті еске алу акциялары өтеді.

Бұның қарсаңында Ресей билігі «Шекарасыз репортерлер» халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымның екі өкілін елге келуге рұқсат бермеді. Олар «Новая газета» тілшісі Анна Политковскаяның өліміне үш жыл толуына орай баспасөз конференциясына қатысуы тиіс болатын.

Кремлдің өткір сыншысы болған Политковская 2006 жылдың қазан айының 7-сі күні Мәскеуде оққа ұшқан болатын.
XS
SM
MD
LG