Accessibility links

Обама Ауғанстандағы АҚШ әскері туралы шешім қабылдамақ


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға қосымша әскер жіберу мәселесін шешу үшін белді конгрессмендермен және сенаторлармен кеңесіп жатыр.

Конгресстің белді мүшелері президентті қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді, бірақ ауған стратегиясына қатысты көзқарастар қайшылығы бар екендігін мойындады.

Ауғанстандағы американдық күштердің қолбасшысы генерал Стэнли МакКристал жақында АҚШ күштерін күшейтуге шақырды. Қолбасшының айтуынша, бұл тәлібтерді жеңу үшін керек.
XS
SM
MD
LG