Accessibility links

Мұхтар Жәкішевтің ісі қайта тергеуге жіберілді


«Қазатомпром» компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішевтің ісі қайта тергеуге қайтарылды деп хабарлады «Время» газетіне адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Адвокаттың айтуынша, Жәкішевті қорғау құқықы бұзылғандығына байланысты оның ісі қайта тергеуге жіберілген. Сондай-ақ, Бейсекеев істің қайтарылғандығын растайтын құжаттар қолына тигендігін атап көрсетті.

Бұдан бөлек, адвокат «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысына жаңа адвокат тағайындалғандығын айтып өтті. «ҰҚК-нің қызметкерлері оны Жәкішевпен таныстырғысы келген, алайда топ-менеджер онымен танысудан бас тартып, басқа адвокаттың қажеті жоқ екендігін айтқан» деді Бейсекеев.
XS
SM
MD
LG