Accessibility links

«Қазмұнайгаз» әлемде 30-шы орынға көтерілуді көздейді


«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы 2013 жылға таман әлемнің ірі 30 мұнай компаниясының қатарына кіруді көздейді деп мәлімдеді компания президенті Қайыргелді Қабылдин.

Сәрсенбі күні Астанада «Мұнай және газ» халықаралық конференциясында сөйлеген Қабылдин халықаралық сарапшылар қазіргі таңда «Қазмұнайгаз» әлемнің мұнай компаниялары арасында 50-ші орында тұр деп бағалайтындығын атап өтті.

«Біз өзіміздің стратегиямызда 2013 жылға таман 30-шы орынға көтерілуді мақсат етіп отырмыз» деді «Қазмұнайгаз» президенті.
XS
SM
MD
LG