Accessibility links

Ахмадинежад Женевадағы келіссөздерді мадақтады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад өткен аптада Женевада өткен келіссөздерді "алға жасалған қадам" деп сипаттады. Швейцариядағы келіссөздерде әлемнің алпауыт елдері мен Иран Теһранның даулы ядролық бағдарламасын талқылады. Ресми бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ахмадинежад "барлық маңызды ғаламдық мәселелерді шешуде конструктивті ынтымақтастық" болады деп үміттенетінін айтқан.

Ал сейсенбі күні АҚШ ресмилері егер Теһран ядролық қару жасап жатқандығы жөніндегі күдіктерді жоймаса, Вашингтон мен оның одақтастары Иранға қосымша санкциялар енгізуге дайын деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG