Accessibility links

Әлемде бір жарым миллиардтан астам мұсылман бар


Қазіргі таңда әлемде 1,57 миллиард мұсылман бар деп хабарлады американдық коммерциялық емес Pew Forum зерттеу тобы.

Орталықтың дін және қоғамдық өмір туралы зерттеуі әлемнің шамамен әрбір төртінші тұрғыны мұсылман екендігін көрсеткен. Зерттеушілердің айтуынша, жаңа баяндаманы дайындау барысында 232 мемлекет пен аймақтың мәліметтері қолданылған.

Жаңа зерттеу нәтижесі ислам әлемде екінші ірі дін екендігін көрсетеді. Зерттеулер бойынша, дүние жүзінде 2 миллиардтан астам христиан дінінің өкілдері тұрады.
XS
SM
MD
LG