Accessibility links

Кабулдағы Үндістан елшілігінің маңында жарылыс болды


Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында күшті жарылыс болды. Хабарларға қарағанда, жарылыстың салдарынан бірнеше адам қаза болды, нақты саны әзірге белгісіз.

Жарылыс елдің ішкі істер министрлігі мен Үндістан елшілігі орналасқан ауданда тіркелген.

Соңғы уақыттары Кабулда халықаралық әскери күштерді және ауған үкіметін нысанаға алған террорлық жарылыстар жиі болып жатыр. Ауғанстан астанасында қыркүйекте жанкешті ұйымдастырған жарылыстан алты итальяндық сарбаз және 10 ауған тұрғыны қайтыс болған еді.
XS
SM
MD
LG