Accessibility links

Тасмағамбетов Астанадағы үлескерлердің проблемасын шешуге уәде берді


Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаладағы алданған үлескерлердің мәселесін 2010 жылдың тамызына дейін шешуге уәде берді деп хабарлады ҚазТАГ.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте Тасмағамбетов қазіргі таңда Астанада 18 мың үлескердің 91 нысаны бар екендігін, оның 63-інде құрылыс жоспар бойынша жүріп жатқандығын, қалған 28-інің мерзімі кешіккендігін айтып өтті.
XS
SM
MD
LG