Accessibility links

ВИЧ-ті одеколонмен емдеген емшіге қылмыстық іс қозғалды


Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ инфекциясын одеколон иньекциясы арқылы емдеген емшіге қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қылмыстық іс «медициналық қызметпен заңсыз айналысу» туралы бапқа сәйкес қозғалып отыр.

Облыстағы Төле би ауданының тұрғыны Бейне Қаржаубаева ВИЧ кеселін жұқтырған ана мен баланы одеколон иньекциясы арқылы емдеген. Соның салдарынан науқастар ауыр қалде аурухана түсіп, дәрігерлер оларға уланған деген диагноз қойған еді.
XS
SM
MD
LG