"Азат Еуропа/Азаттық" радиосы келесі айда Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы тыңдармандар үшін орыс тілінде бірсағаттық бағдарламасын бастайды. "Эхо Кавказа" деп аталатын күнделікті бағдарлама жергілікті және халықаралық оқиғаларға арналмақ.
Азаттық радиосы грузин қызметінің директоры Давид Какабадзенің мәлімдеуінше, жаңа бағдарлама аймақта диалог пен төзімділікті дамытуды көздейді.
"Фридом Хаус" ұйымының мәліметінше, Грузияның жікшіл аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетиядағы билік орындары аймақта баспасөз бостандығы мен ақпарат еркіндігін шектейді, сондай-ақ жергілікті және шетел журналистеріне жиі қысым жасалады.