Accessibility links

НАТО Ресейді Ауғанстанға көмектесуге шақырды


НАТО Ресейді Ауғанстандағы ролін кеңейтуге шақырды. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдеуінше, Ауғанстанға байланысты альянс пен Ресейдің ортақ мүддесі бар, сондықтан Ресей Талибанмен күресіп жатқан ауған қауіпсіздік күштерін жаттықтырып, жабдықтауда көбірек жұмыс атқаруы керек.

Сонымен қатар Расмуссен еуропалық НАТО одақтастарын Ауғанстандағы міндеттемелерін күшейтуге шақырды. Ал бұл екі арада АҚШ Ауғанстандағы әскерилерінің санын одан сайын көбейту мәселесін қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG