Accessibility links

Ресей журналисі Human Rights Watch сыйлығына ие болды


Ресейдің "Новая газета" тілшісі Елена Милашина халықаралық Human Rights Watch ұйымының сыйлығымен марапатталды. Милашина мен бірге Мьянма, Конго және Эфиопиядағы адам құқығын қорғаушы үш белсенді кәсіби батылдықтары үшін бұл сыйлыққа ие болып отыр.

Human Rights Watch ұйымының айтуынша, Милашина адам құқықтарының бұзылуы мен үкіметтегі жаппай жемқорлық туралы ақиқатты ашқан және ол қастандықтан құрбан болған журналист Анна Политковскаяның өлімін тергеуді жалғастырған.

Сыйлық жүлдегерлерінің есідері Политковскаяның өліміне үш жыл толуына орай сәрсенбі күні жарияланды.
XS
SM
MD
LG